«Жанкүйерлер көңілінен шықты»: Тоқаев «Қазақстан барысын» құттықтады

Автор: Алмас Ерсін

Финалда «Найман» лақапатымен белгілі Марат Байкуморов былтырғы чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңді

Фото: QAZAQSTAN BARYSY қазақ күресін қолдау және дамыту қоры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Марат Байкуморовты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты», - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете беретінін атап өтті.

Астанадағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» қазақ күресінен ХV республикалық «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Финалда «Найман» лақапатымен белгілі Марат Байкуморов былтырғы чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңді. Жүлделі үшінші орынды Нұрдәулет Жарылғапов иеленді. 

  • 1-орынға 15 000 000,
  • 2-орынға 3 300 000,
  • 3-орынға 1 080 000 теңге жүлде табысталды.