Матч тең есеппен аяқталды – 1:1
Скопьеде (Солтүстік Македония) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында матч өтті, онда жергілікті құрама Қазақстан командасымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матч тең есеппен аяқталды – 1:1. 54-минутта Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын алға шығарған, алайда 74-минутта Энис Барди есепті теңестіре білді.
Отандастарымыз алғашқы минуттардан-ақ шабуылға шықты және үзіліске дейін-ақ гол соғуға мүмкіндіктері болған. Ислам Чесноков бос қақпаға допты кіргізе алмады, Ғалымжан Кенжебек пен Иван Свиридовте тамаша мүмкіндіктер болды.