Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны көтерілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингісіндегі орындары жаңартылды

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны жақсарып, позициясы көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) рейтингісінің жаңартылған статистикасы жарияланды.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик бір саты жоғары көтеріліп, 16-орынға тұрақтады. Бұл өзінің бұрынғы жеке рекордын қайталап отыр.

Александр Шевченконың позициясы төмендеді

Екінші үздік теннисші Александр Шевченко екі позиция төмендеп, 91-орынға жайғасты.

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары

  • Бірінші орында – испаниялық Карлос Алькарас.
  • Екінші орында – италиянлық Янник Синнер.
  • Үшінші орында – германиялық Александр Зверев.