Анна Данилина Қытайдағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Ол Венгрия спортшысы Фанни Штоллардан басым түсті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жұптық сынының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Данилина мен Крунич финалға жол ашты
Жартылай финалда қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жұбы Германия өкілі Лаура Зигемунд пен Венгрия спортшысы Фанни Штоллардан басым түсті.
Кездесудің қорытынды есебі – 6:1, 4:6, 11:9.
Бұл жеңіс спортшыларға финал жолдамасын сыйлады.
Финалда қарсылас кім болады
Финалда Данилина мен Крунич жұбы чех Катержина Синякова мен австралиялық Сторм Хантерге қарсы ойнайды.
Бұл кездесу Анна үшін ерекше маңызға ие – ол өзінің мансабындағы екінші WTA 1000 титулын жеңіп алуға мүмкіндік алады.
Былтыр Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге дәл осы турнирде жеңіске жетіп, карьерасындағы алғашқы мыңдық трофейін иеленген болатын.
Контекст
Соңғы уақытта қазақстандық теннисшілер халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін жас спортшы Занғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирінің жетінші титулын жеңіп алғанын хабарлаған едік.