$ 538.63  622.23  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық теннисші Кореядағы беделді турнирде жеңіске жетті

Бұл турнирге әлемнің үздік жас теннисшілері қатысады

Қазақстандық теннисші Кореядағы беделді турнирде жеңіске жетті
Фото: ktf.kz

Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы халықаралық деңгейдегі ірі жеңіске қол жеткізді. Ол Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өткен ITF Juniors J300 сериялы беделді турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Азияның бейресми чемпионатында үздік атанды

ITF Juniors J300 санатындағы жарыс — жасөспірімдер арасында өтетін Азияның бейресми чемпионаты саналады. Бұл турнирге әлемнің үздік жас теннисшілері қатысады.

Заңғар Нұрланұлы финалда Қытай Тайбэйінің өкілі, әлемдік рейтингтің 41-орнында тұрған Куан Чеу Ченге қарсы ойнады.

«Заңғар ойынды сенімді бастады және кездесудің барлық бөлігінде толық басымдық танытты. Ол доп қабылдауда өте агрессивті әрекет етті, өз геймінде тұрақтылық сақтап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ», — деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Финалдық есеп – 6:2, 6:1.

Бұған дейін де кездескен қарсыластар

Бұл ойын — қос теннисшінің бірінші кездесуі емес. Бұған дейін олар 2024 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде жолыққан болатын. Ол кезде де Заңғар Нұрланұлы 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары