«Үш-төрт сағат ерте келіңіздер»: «Қайрат» жанкүйерлеріне үндеу жасады

Автор: Бақыт Шынар

Футбол клубы сондай-ақ жанкүйерлеріне тосын сый дайындаған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

«Қайрат» футбол клубы жанкүйерлеріне матч алдында үндеу жасап, стадионға ерте келуді сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, стадион аумағына жанкүйерлер 17:45-тен бастап кіре алады. Дәл осы уақытта ойын алдындағы бағдарлама басталады. Соның ішінде:

  • УЕФА мен клуб серіктестерінің интерактив аймақтары
  • көңілді барабаншылар шоуы
  • жанкүйерлерге арналған тегін аквагрим
  • фудкорттағы дәмді тағамдар мен сусындар
  • трибунада клуб жалаулары таратылады

«Көрермендерден матч басталғанға дейін 3–4 сағат бұрын келуді сұраймыз. Бұл — стадионға кіреберістегі тексеріс пен бақылаудан өтуге, кезек пен ыңғайсыздықтың алдын алуға көмектеседі. Билетіңіз бен куәлік деректеріңізді алдын ала дайындап қойыңыздар», - деп хабарланған клубының ресми аккаунты.

Айта кетейік, «Реал» мен «Қайрат» арасындағы матч бүгін сағат 21:45-те басталады.