Қалалық полиция күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті
Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реалдың» арасындағы матчқа байланысты Алматыдағы көшелер сағат 16.00-ден бастап жабыла бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласының полиция департаменті қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін және ойынды жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосу үшін Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізеді.
Сағат 16:00-ден бастап мына көшелерде қозғалыс шектеледі:
Полиция осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарға жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алу керек дейді.
Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін «Қайрат» (Алматы) пен «Реал Мадрид» (Мадрид) арасындағы матчтан кейін тегін автобустар қатынайды.
Әкімдіктің хабарлауынша, матч аяқталған соң Орталық стадионнан негізгі бағыттарға 60 тегін автобус жүреді. Олар мына 6 бағыт бойынша қатынайды:
Сонымен қатар, метро жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзарды.