«Аталар бізді қолдайды»: «КешYOU» қыздары «Қайрат-Реал» ойынына арнап ән шығарды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Жанкүйерлер жаңа клипке әртүрлі пікір жазған

Фото: скриншот

«КешYOU» тобы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ертеңгі ойынға арнап жаңа клип түсірген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Топ клиптің үзінділерін әлеуметтік желідегі парақшаларына салып жатыр.

Топ әншілері «Қайрат» футбол клубының формасына түстес киім киіп, футбол алаңында ән шырқаған. Жалпы, әннің басты мағынасы – «Қайрат» футбол клубының жеңісіне деген сенім.

Әлеуметтік желідегі халық топтың жаңа клипін жақсы бағаласа, кейбіреуі сынға алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыға «Реал» ойыншылары келген.