Жанкүйерлер ойыншыларды ыстық ықыласпен қарсы алды
Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасының ойыншылары – «Реал Мадрид» клубының футбошыларын қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Футболдың әлемдік жұлдыздары Алматыға бүгін түнде жетті.
«Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтар қазақы қонақжайлық пен ыстық ықыласқа бөленді. Қазақстан тарапы УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында шертіп, ерекше әсер қалдырды», - деп хабарлайды Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 26 тамызда «Қайрат» сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. УЕФА бұл тарихи жетістікті атап өтті және алматылық клубтың ойыншысын матчтың басты кейіпкері деп атады.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» кем дегенде 18,62 миллион еуро жүлде қаржысын иеленді.