Балуанды отандастарымыз әуежайдан күтіп алды
Қазақстандықтар Астана әуежайынан грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиді ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айдос Сұлтанғали Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы атанған болатын. Ол 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын бір минутта Әлішер Ганиевті таза жеңген еді.
Бұл – Қазақстан үшін тарихи жеңіс, себебі, соңғы рет еліміз атынан жарысқан Бақтияр Байсейітов 26 жыл бұрын грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған еді.