Баға саясатын УЕФА бекітеді
30 қыркүйек күні Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынның билеті 30 мың теңге мен 250 мың теңге аралығында сатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайрат» футбол клубының ресми сайты жазғандай, баға саясаты УЕФА-мен келісілген.
«УЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы 30 000 теңге мен 250 000 теңге аралығында болады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді», - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Айта кетейік, бұған дейін клуб билет сатудың ережесін түсіндірген болатын.