Мергендеріміз әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті
Кванджу қаласында (Оңтүстік Корея) садақ атудан әлем чемпионаты аясында блоктық садақ атудан жекелей сайыстар өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше Қазақстан құрамасының қос өкілі үздік ондыққа енді.
«Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандық мергендер әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.
Айта кетері, ұлттық құрама әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медальға ие болды. Бұл жетістікке Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян қол жеткізді.