$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2025, 22:08
Спорт

Ливерпульдегі әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді

Қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті

Ливерпульдегі әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді
Фото: Olympic.kz

Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитеті.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

«Төрехан үшін дебюттік кездесу оңай болған жоқ. Алжирлік Эсуф Яиче лайықты қарсылық танытып, айқасты шиеленістіре түсті. Дегенмен үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді», - деп жазылған хабарламада.

Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысатыны хабарланып, жарыс бағдарламасы белгілі болған еді.

Бағдарлама бойынша:

  • 4-10 қыркүйек аралығында алдын ала жекпе-жектер;
  • 12-14 қыркүйек аралығында жартылай және финалдық бәсекелер жоспарланған.
Серіктес жаңалықтары