Ол Эмма Радукануды сенімді ұтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында (US Open 2025) ірі жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған қазақстандық спортшы үшінші айналымда 2021 жылғы турнир жеңімпазы Эмма Радукануды сенімді ұтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лондондық теннисшіге қарсы матч небәрі екі сетке созылды. Рыбакина қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Бұл жеңілістен кейін Эмма Радукану турнирдегі жолын мерзімінен бұрын аяқтады.
Елена Рыбакина алғашқы екі айналымда да сенімді ойын көрсетті:
Биылғы US Open тарихтағы ең ірі сыйақыны ұсынып отыр. Жарыстың жеңімпазы 5 миллион доллар алады.
Айта кетейік, қазіргі чемпион атағы әлемнің бірінші ракеткасы – Арина Соболенкоға тиесілі.