Ришат Хайбуллин әлемдік ойындарда қола медаль алды

Автор: Аягөз Құрмаш

Алтын медальды қытайлық спортшы алды

Фото: Olimpik.kz

Қазақстандық спорттық құзға өрмелеу шебері Ришат Хайбуллин Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлемдік ойындарда жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол «жылдамдық» дисциплинасында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді қытайлық Цзянь Го Лун иеленсе, күміс жүлде индонезиялық Киромал Катибинге бұйырды.

Қазақстан құрамасының өзге мүшелерінен Әмір Маймуратов – 15-ші, Бекнұр Алтынбеков – 23-ші, Дамир Тоқтаров – 28-ші орынға табан тіреді.