Михаил Кравец елордалық клубтың тізгінін ұстады
Астаналық «Барыс» хоккей клубы команданың жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл қызметке ресейлік маман Михаил Кравец тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған. Құжатта келесі маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Еске салсақ, 22 шілдеде Евгений Королев уақытша бас бапкер қызметіне тағайындалған болатын. Оған дейін команданы жаттықтырған Ғалым Мамбеталиев ҚХЛ-дың тұрақты маусымында қатарынан ең көп жеңіліс тіркеп, «Барысты» турнирлік кестенің соңғы сатысына түсірді.
«Бұрынғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен арадағы келісімшарт ҚХЛ маусымындағы нәтижелерге байланысты бұзылды», – делінген клубтың ресми хабарламасында.