Турнирдің алғашқы күнінде бірде-бір спортшымыз жеңіс тұғырына көтеріле алмады
Монғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы үшін алғашқы күн сәтсіз өтті. Бес дзюдошының ішінен тек Бауыржан Нарбаев қана финалдық кезеңге өтіп, жүлдеге жақындаған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бауыржан Нарбаев қола медаль үшін өткен белдесуде моңғолиялық Баттогтох Эрхембаярға жол берді. Осылайша, үміт артқан спортшылардың бірі де жүлдесіз қалды.
Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшыларына жеңіс тұғыры бұйырмады. Алайда жарыс әлі аяқталған жоқ, алда басқа салмақ дәрежелеріндегі белдесулер бар. Қазақстандық дзюдошылар өз мүмкіндіктерін келесі күндері қайта сынайды.