Шағын футболдан Астана қаласы прокурор кубогы сарапқа салынады
Жарыс қала күніне орай өтеді

Қала күніне орай шағын футболдан прокуратура қызметкерлері арасында жарыс басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биылғы бәсекеде бас жүлдеге 6 ауданның прокуратурасынан жасақталған 8 команда таласпақ.
«Биылғы дәстүрлі түрде өтетін турнирімізде шағын футболдан жарыс өткізуді жөн деп шештік. Жарысымыздың басты мақсаты – қаламыздағы қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын арттыру. Бейресми қарым-қатынасты жандандыру. Әрі бос уақытымызды тиімді өткізіп, жарыс атмосферасын сезіну. Барлық команда тас-түйін дайын. Өзіміз аптасына 2 рет тұрақты дайындалдық. Жеңіске жету оңай болмайды», –деді Астана қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры Дархан Зәкарин.
Турнир жеңімпаздары бүгін анықталады.