Әлем кубогының жеребесі тартылды – қазақ боксшылары кімдермен жұдырықтасады

Автор: Алмас Ерсін

70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды

Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan, instagram.com/kzsports

Астанада өтетін бокстан әлем кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы Әлем кубогының кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Ерлер арасындағы жекпе-жек жұптары:

  • Санжар Тәшкенбай (50 кг) – Шодай Кото (Жапония);

Отандасымыз 2023 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Кото Шудаймен кездеседі.

  • Махмұд Сабырхан (55 кг) – Шин Джиён (Оңтүстік Корея);

Сабырханның да қарсыласы, 2023 жылғы әлем чемпионы.

  • Серік Теміржанов (60 кг) – Джейкоб Кассар (Аустралия);

Қарсыласы - 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

  • Ертуған Зейнуллинов (65 кг) – Ахмед Пеккель (Түркия);
  • Абылайхан Жүсіпов (70 кг) – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан);

Қарсыласы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалисі.

  • Сабыржан Аққалықов (75 кг) – Джошуа Офори (Канада);
  • Нұрбек Оралбай (80 кг) – Мұрад Аллахвердиев (Әзербайжан);

Екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалында жолыққан.

  • Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) – Лачлан Лоусон (Аустралия);
  • Сағындық Тоғамбай (90 кг) – Азиз Аббес Мухийдин (Италия) – Малачи Джорджс (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;

Азиз Аббес Мухийдин  - әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері.

  • Айбек Оралбай (+90 кг) – Августин Трисет (Доминикан Республикасы).

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін ірі доданың ертеңгі сессиясында ерлерден 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды.

 Қазақстандық боксшы қыздардың алғашқы жекпе-жектері:

  • 48 кг, 1/8 финал: Назым Қызайбай – Приянха Диллон (Канада)
  • 51 кг, 1/8 финал: Алуа Балқыбекова – Дженнифер Лосано (АҚШ)
  • 54 кг, 1/16 финал: Анель Сақыш –Татьяна Обермайер (Германия)
  • 57 кг, ширек финал: Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия) / Алисса Мендоса (АҚШ)
  • 60 кг, 1/8 финал: Виктория Графеева – Аяка Тагути (Жапония)
  • 65 кг, 1/8 финал: Аида Әбікенова – Дион Бёрман (Англия)
  • 70 кг, 1/8 финал: Наталья Богданова – Санамача Чану Токчом (Индонезия)
  • 75 кг, ширек финал: Надежда Рябец – Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
  • 80 кг, ширек финал: Гүлсая Ержан – Пуджа Рани (Үндістан)
  • 80+ кг, жартылай финал: Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).