Әлем кубогының жеребесі тартылды – қазақ боксшылары кімдермен жұдырықтасады
70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды

Астанада өтетін бокстан әлем кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанадағы Әлем кубогының кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Ерлер арасындағы жекпе-жек жұптары:
- Санжар Тәшкенбай (50 кг) – Шодай Кото (Жапония);
Отандасымыз 2023 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Кото Шудаймен кездеседі.
- Махмұд Сабырхан (55 кг) – Шин Джиён (Оңтүстік Корея);
Сабырханның да қарсыласы, 2023 жылғы әлем чемпионы.
- Серік Теміржанов (60 кг) – Джейкоб Кассар (Аустралия);
Қарсыласы - 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері.
- Ертуған Зейнуллинов (65 кг) – Ахмед Пеккель (Түркия);
- Абылайхан Жүсіпов (70 кг) – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан);
Қарсыласы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалисі.
- Сабыржан Аққалықов (75 кг) – Джошуа Офори (Канада);
- Нұрбек Оралбай (80 кг) – Мұрад Аллахвердиев (Әзербайжан);
Екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалында жолыққан.
- Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) – Лачлан Лоусон (Аустралия);
- Сағындық Тоғамбай (90 кг) – Азиз Аббес Мухийдин (Италия) – Малачи Джорджс (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;
Азиз Аббес Мухийдин - әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері.
- Айбек Оралбай (+90 кг) – Августин Трисет (Доминикан Республикасы).
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін ірі доданың ертеңгі сессиясында ерлерден 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды.
Қазақстандық боксшы қыздардың алғашқы жекпе-жектері:
- 48 кг, 1/8 финал: Назым Қызайбай – Приянха Диллон (Канада)
- 51 кг, 1/8 финал: Алуа Балқыбекова – Дженнифер Лосано (АҚШ)
- 54 кг, 1/16 финал: Анель Сақыш –Татьяна Обермайер (Германия)
- 57 кг, ширек финал: Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия) / Алисса Мендоса (АҚШ)
- 60 кг, 1/8 финал: Виктория Графеева – Аяка Тагути (Жапония)
- 65 кг, 1/8 финал: Аида Әбікенова – Дион Бёрман (Англия)
- 70 кг, 1/8 финал: Наталья Богданова – Санамача Чану Токчом (Индонезия)
- 75 кг, ширек финал: Надежда Рябец – Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия)
- 80 кг, ширек финал: Гүлсая Ержан – Пуджа Рани (Үндістан)
- 80+ кг, жартылай финал: Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).