Еліміз жалпыкомандалық есепте 11-орынға ие болды
Мажарстан астанасы Будапештте ересектер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи күміс медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 11-орынға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше чемпионаттың бірінші күні 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова финалға шығып, әйелдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында ақтық сынға шыққан алғашқы қазақстандық атанды.
«Шешуші белдесуде ол былтырғы әлем чемпионатының финалисі, италиялық Ассунта Скуттоға (Assunta Scutto) есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл күміс медаль – Әбужақынованың әлем чемпионаттарындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 және 2024 жылдары қола медаль иеленген еді», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Ұлттық құрама сапындағы Мағжан Шамшадин (-60 кг) мен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) ширек финалға жетіп, 7-сатыға табан тіреді.
Соңғы бес әлем чемпионатындағы дзюдо бойынша Қазақстан құрамасының нәтижелері:
Еске сала кетейік, биыл әлем чемпионатына 93 мемлекеттен 556 таңдаулы дзюдошы қатысты. Жалпы есепте Жапония құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 4 қоламен топ жарды. Екінші орынды Халықаралық дзюдо федерациясының командасы (3 алтын, 2 қола) иеленді. Үшінші орын Италияға (2 алтын) бұйырды.
Қызық дерек:
Қазақстан әлем чемпионатында 60 (ерлер) және 48 кг (әйелдер) дейінгі салмақта ең көп медаль иеленген.