$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2025, 22:17
Спорт

Анна Данилина Францияда «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты

Данилина карьерасында үшінші рет финалда өнер көрсетеді

Анна Данилина Францияда «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жартылай финалда Данилина мен  Крунич норвегиялық Эйкери және жапониялық Ходзуми дуэтін 6:7(5), 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, Roland Garros финалына жолдама алды», - деп жазылған хабарламада.

Финалда олар Шнайдер / Андреева мен Эррани / Паолини жұбы арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.

Айта кетері, Анна Данилина спорттық карьерасында үшінші рет «Үлкен дулыға» финалына шықты. 2022 жылы қазақстандық Australian Open финалында жұптық сайыста финалда өнер көрсетсе, 2023 жылы US Open турнирінде чемпион атанды.

Финалға барар жолда Данилина мен Крунич бірнеше қиын қарсыластан айласын асырды. Бірінші айналымда олар Магда Линетт (Польша) - Бернарда Пера (АҚШ) жұбын 6:7, 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Одан кейін Синью Янь / Фансянь қытай-тайвань жұбын 6:4, 6:3, одан кейін Эйжа Мухаммад (АҚШ) пен Деми Схюрсты (Нидерланды) 6:4, 6:0 есебімен ұтты.

Ширек финалда Катержина Синякова (Чехия)-Тейлор Таунсенд (АҚШ) жұбын 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Серіктес жаңалықтары