Ташкентте өткен турнир өз мәресіне жетті
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирінде жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ташкентте өткен турнир өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды», - деп жазылған Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.
Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске сала кетейік, наурыз айында қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен абсолютті чемпион атанған болатын. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтады. Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.