Бұл елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды
Қазақстанда ұлттық спорт түрлерімен 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%)», - деп жазылған хабарламада.
Жаттықтырушылар құрамы 1 781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:
Ең танымал спорт түрлері:
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.