Қазақстандықтар 2 күміс, 2 қол медаль иеленді
Астанада өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық спортшылар 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше дзюдоТалғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Изнаур Сааевқа жол берді. Ал 66 келі салмақта белдескен отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев финалда JF өкілі Рамазан Абдулаевқа есе жіберді.
Сондай-ақ Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды. Екі спортшы да 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Үшін орын үшін белдесуде Шамшадин франциялық Энцо Джиннен басым түсті. Ал Бақытжан әлем чемпионатының жүлдегері, оңтүстіккореялық Харим Лиден жеңісті жұлып алды.