Турнирге он елден спортшылар қатысады
Астана қаласында тректегі велоспорттан ірі халықаралық Silk Way Series Astana 2025 турнирі өтеді , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше жарыстар «Сарыарқа» велотрегі базасында ұйымдастырылады.
Турнирге он елден спортшылар қатысады. Жүлделер Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары арасында сарапқа салынады.
Silk Way Series турнирі 16-18 мамыр аралығында өтеді.