Әлемнің үздік боксшыларының жаңа рейтингі жарияланды
Танымал спорт шолушысы Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Boxingscene.com порталының мәліметінше тізімге қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да енді. Ол 20-орыннан көрінді.
Эдвардс P4P тізімінің көшін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұрғанын атап өтті.
Үздік бестікке сонымен қатар украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) енген.
Ал әлемдік бокстың бет-бейнесіне айналған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) рейтингте 8-орынға тұрақтаған.