Олимпиада жеңімпаздары сыйақыны әлі алмаған: Үкімет қаулы қабылдады

Автор: Алмас Ерсін

Сыйақы көлемі бұған дейін бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асады

Фото: pixabay

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Үкімет Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асады.