UFC рейтингінде бірінші орында тұрған америкалық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге келісті

Автор: Алмас Ерсін

Шон Брэди – қазір UFC жартылай орта салмақ дәрежесінде бірінші нөмірлі спортшы

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Америкалық файтер Шон Брэди (18-1) UFC чемпионы атағын алу жолында қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.  

«Мен әлемдегі ең үздік жауынгермін. Сондықтан Шавкатты жеңіп, сосын белбеу үшін төбелесу керек болса, қарсы емеспін», - деді Брэди.

Шон Брэди – қазір UFC жартылай орта салмақ дәрежесінде бірінші нөмірлі спортшы. Шавкат Рахмонов екінші орында. Мамыр айында австралиялық Джек Делла Маддаленамен (17-2) кездесетін америкалық Белал Мұхаммед (24-3) дивизион чемпионы.

Алғашында UFC Рахмоновқа титулдық жекпе-жек өткізуді ұсынған, бірақ Шавкат денсаулығына мән беріп, жарақатын емдеуді ұйғарды.