«Қарсыласы жекпе-жектен бас тартты»: боксшы Жазира Орақбаева Әлем кубогын жеңіп алды

Автор: Бақыт Шынар

Әлем кубогының жарысы Бразилияда өтті

Фото: ҰОК

Қазақстанның боксшысы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, оның қарсыласы жекпе-жектен бас тартқан.

«Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалында Италия боксшысы Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды. Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады», - деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Тегтер: