Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

Автор: Асыл Арман

Қос теннисшінің арасындағы кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды

Фото: ktf.kz

Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалында Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қос теннисшінің арасындағы кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды. Есеп: 1:6, 2:6.

WTA рейтингінде отандасымыз 7-орында тұрақтап тұр. Ал ресейлік қарсыласы 11-орында келеді.

Айта кетерлігі, осыдан екі аптадай бұрын Дубайда өткен турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина дәл осы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалған болатын.