Соңғы матчта отандастарымыз 3:0 есебімен басым түскен
Қазақстанның шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, шешуші матчта Қазақстан құрамасы 3-0 есебімен басым түскен.
Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берген.