Бокстан ұлттық құрама капитаны былғары қолғабын шегеге ілді

Автор: Мақсат Әсел

Ол Париж Олимпиадасынан кейін рингке шыққан жоқ

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксы Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы құраманың бас жаттықтырушысы  Қайрат Сәтжанов Pluste bol бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қамшыбек 1991 жылы 18 қарашада Қызылордада дүниеге келген. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021), әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы (2014) атанған.