Джинсы кигені үшін жарыстан қуылған гроссмейстер үйленді

Автор: Мақсат Әсел

34-тегі норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен мен 26 жасар Элла Виктория Мэлоун үйленді

Фото: AFP

Магнус Карлсен мен Элла Виктория Мэлоунның неке қию рәсімі Норвегияның атақты спорттық аудандарының бірі  Холменколлендегі шіркеуде өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі sportplustv.kz - ке сілтеме жасап.

Одан кейін жас жұбайлар Ослодағы Grand Hotel бесжұлдызды қонақүйіне аттанды.

Үйлену тойын атақты Netflix компаниясының түсірілім тобы таспалады. Стримингтік қызмет 2025 жылы шахмат туралы деректі фильм шығармақшы.

Карлсен мен Мэлоун алғаш рет 2024 жылдың ақпанында Германиядағы Freestyle Chess G.O.A.T. Challenge турнирінде бірге көзге түскен болатын. Содан бері бірнеше жарыста бірге жүрді. Мэлоун Сингапурда тұрады деген мәлімет бар. Ол жақында Нью-Йоркте өткен рапид пен блицтан әлем чемпионатына да барған болатын. Бұл жарысқа Карлсен джинсы шалбар киіп келгені үшін ұйымдастырушылар оны залға кіргізбей қойған. Артынша ережеге өзгеріс енгізіп, джинсымен кіруге рұқсат берді.Магнус Карлсен – әлемнің 16 дүркін чемпионы.