Тайсон 15 қараша күні блогермен рингке шығады
Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон Джейк Полмен өтетін жекпе-жегіне дайындалып жатқан сәтін видеоға түсіріп, жаттығуын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аты аңызға айналған боксшы осы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқандығы туралы бейнесін Х желісінде жариялады.
Видеода «Темір Майк» өзінің жаттықтырушысына қатты шабуыл жасап жатқанын көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Майк Тайсон 2024 жылдың 15 қарашасында блогерге қарсы рингке шығуы керек.
Жекпе-жек кезінде Майк Тайсон 58 жаста, оның қарсыласы 30 жаста болмақ.