Үлкен Нарын ауданы референдум күні дауыс берушілер арасында спорт жарыстарын өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Референдумға келген жастар мен ересектер қол күрестіріп, гір көтерді

Фото: Үлкен Нарын ауданы

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында референдумға келген халық арасында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалпыхалықтық референдум аясында Балалар жасөспірімдер спорт мектебі өкілдерінің ұйымдастыруымен дауыс берушілердің арасында қол күрестен шағын спорттық ойын ұйымдастырылды», - деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Мәселен, әйелдер мен ерлер арасында қол күрестен бірнеше салмақта жарыс өтті. Сондай-ақ, гір көтергендер арасында да жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.