Болашақ жұлдыз: қазақстандық теннисші кезекті турнирде чемпион болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол финалда ұлыбританиялық теннисшіні жеңіп кетті

Фото: Instagram/ktf.kz

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасында әлемінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов Қытайда өткен турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирінің финалында ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді.

Алғашқы сетте тай-брейк арқылы Бондинг алға шыққан, алайда отандасымыз соңғы екі сетті 6:0 және 6:4 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, Әмірдің ITF Juniors турнирлеріндегі алтыншы кубогын жеңіп алды.