Геннадий Головкин спорттағы жемқорлықты Бас прокурормен бірге жоймақ

Автор: Azattyq Rýhy

Екі тарап меморандумға қол қойды  

Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратура мен Ұлттық олимпиада комитетінің арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнату  туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл келісімнің мақсаты – спорт саласындағы заңдылықты нығайту, бюджет қаражатын жымқыртпау, басқа да қылмыстарға жол бермеу.

Сондай-ақ құжат салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытындағы да іс-шараларды көздейді.