Грузияда үстел теннисінен өткен турнирде қазақстандық команда алтын медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар финалда Беларусь командасын 3:1 есебімен жеңді

Фото: Olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілдері - Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадырова Батумиде (Грузия) өткен WTT Youth Contender турнирінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық жұп 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Финалда қазақстандықтар Даниил Виторский/Анастасия Фролова жұбын (Беларусь) 3:1 есебімен жеңді.