Бұл жарыс түрінен 9 елдің 64 спортшысы бақ сынап жатыр
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бүкіл спортшысы финалға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жарысқа 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелген. Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресейдің спортшылары арасында Қазақстанның аударыспақ құрамасы финалға озып шықты.
Айта кетейік, команданың финалға шыққан спортшылары - Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев.