Тоқаев Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент құттықтауын Х әлеуметтік желісінде жазды 

Фото: туризм және спорт министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент спортшының ерік-жігерін ерекше атап өтіп, ізгі тілегін айтқан.

«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.