Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті

Автор: Молдатай Сымбат

Тимоти Скатов поляк спортшысы Губерт Хуркачтан жеңілді 

Фото: Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open-де жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина іріктеуден өткен австралиялық Дестани Айяваны (WTA рейтингінде 194-ші орында) жеңді, есеп 6:1, 7:6 (7:1). Еленаның келесі айналымдағы қарсыласы - француз спортшысы Джессика Понше (143 WTA).

Өз кезегінде әлемнің 32-ші ракеткасы Юлия Путинцева Линда Носкованы (25 WTA) жеңді, есеп 7:6 (7:3), 6:4. Екінші раундта Юлия қытайлық Ван Синьюмен (40 WTA) ойнайды.

Ал Тимоти Скатов US Open стартында әлемнің жетінші ракеткасы Губерт Хуркачқа лайықты қарсылық көрсетті. Тәжірибелі поляк спортшысы жеңіске жетті, есеп 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:3).