Олимпиада ойындарынан кейін қазақстандық дзюдошылар Хорватияда ел намысын қорғайды

Автор: Молдатай Сымбат

Загреб қаласында дзюдодан әлемдік гран-при турнирі өтеді

Фото: t.me/olympickz/

13-15 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олимпиада ойындарынан кейін өтетін ресми турнирге қазақстандық спортшылар да қатысады.

Загреб төрінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды: 

Ерлер

  • 60 келі: Шерзод Давлатов
  • 66 келі: Жанарыс Рахметқали, Нұрқанат Серікбаев
  • 81 келі: Асқар Нарқұлов, Руслан Мұсаев
  • 90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Айбол Нысаналы
  • 100 келі: Құдырет Досымов

Қыздар

  • 48 келі: Ғалия Тынбаева
  • 52 келі: Толғанай Әбеуова
  • 63 келі: Самалай Ерғалиева
  • 78 келі: Аруна Жангелдина
  • +78 келі: Ақерке Рамазанова, Карина Такиева