Джеки Чан Паралимпиада алауының эстафетасына қатысады

Автор: Молдатай Сымбат

Ол Париждегі Vieye du Temple көшесінде алаумен жүгіріп өтеді

Фото: EPA

Джеки Чан Париждегі паралимпиадада алау эстафетасын алып жүретін танымал тұлғалар тізіміне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

70 жастағы Чан 28 тамызда Париждегі Vieye du Temple көшесінде алаумен жүгіріп өтеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада 28 тамызда басталып, 8 қыркүйекте аяқталады. Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.