Қазақстандық палуан еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол финалда америкалық спортшыға есе жіберіп қойды

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық палуан Едіге Қасымбек Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді.

Айта кетерлігі, бүгін 65 келіде Бақдәулет Әкімжан әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп алған болатын.