Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін таеквондо федерациясының басшылығы қызметінен кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар ешбір жүлдеге қол жеткізе алған жоқ

Фото: Olympic.kz

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар ешбір жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.

Осыған дейін Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан болатын.