Жазғы паралимпиада: Қазақстаннан 44 спортшы ел намысын қорғайды

Автор: Молдатай Сымбат

Спортшылар 9 спорт түрінен бақ сынайды

Фото: ҰОК

XVII жазғы Паралимпиада ойындары Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Қазақстаннан 44 спортшы қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан үшін бұл – 1996 жылдан бері қатысатын сегізінші паралимпиада. ҰОК хабарлауынша, биыл біздің елде 9 спорт түрінен 33 лицензия бар. Олар: пара-пауэрлифтинг, пара-жеңіл атлетика, пара-жүзу, волейбол, пара-үстел теннисі, пара-таеквондо, пара-каноэ, пара-оқ ату және пара-дзюдо.

Екі спорт түрінен – үстел теннисі мен каноэде әйелдер арасында қазақстандықтар алғаш рет өнер көрсетеді. Ал ең көп лицензия пара-дзюдо бойынша, 10 лицензия бар.

33 лицензия бойынша қазақстандық паралимпиадашылардың жалпы саны биыл 44 адамды құрайды. Қазақстан туын алып шығатын – волейболшы Берік Ізмағанбетов пен оқ атудан жарысқа қатысушы Севда Әлиева.