Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов Өзбекстан құрамасынан кетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол енді кәсіпқой бокста өнер көрсетеді

Фото: https://www.instagram.com/bakhodirdjalolov/

Париж Олимпиадасында екінші алтынын алған өзбекстандық боксшы Баходир жалолов ұлттық құрамадан кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы спортшы өзінің іnstagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен өмірімнің 15 жылын әуесқой боксқа арнадым. Әр нәрсенің басталуы сияқты соңы да бар. Бұл күн де келді. Бұл ұзақ жолда көп сын мен сөз айтылды. Бәрінен дұрыс қорытынды жасап, күш жинадым. Ешқашан әуесқой бокста ақша үшін күреспедім. Олимпиадада өз елімнің туын жоғары көтеріп, өз елімнің алтын медалін жеңіп алуға тырыстым. Біз мұны жасадық. Осы жолда мені қолдағандарға, менің анама және менің барлық жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Енді менің мақсатым - кәсіби бокста ең жақсы болу. Менің ойымша, бұл жолды да сіздермен бірге өтеміз. Мен сіздерді қатты жақсы көремін», - деп жазды Баходир Жалолов.

Еске салсақ, Баходир Жалолов Токио олимпиадасында алғашқы алтынын алса, Париж олимпиадасында  92+ келіде екінші алтынға қол жеткізді.