Ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері келесі Олимпиадаға дайындықты қашан бастайтынын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Нұрбек пен Айбек Оралбайлар бірнеше айдың ішінде жаттығу алаңына қайта оралмақ

видеодан скриншот

Ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың жеке жаттықтырушысы Асқар Еркебаев жігіттер келесі Олимпиада ойындарына жаттығуды қашан бастайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олимпия төрінен Қазақстан еліне күміс жүлде алып келгенімізге қуаныштымыз. Париж Олимпиадасынан өте үлкен тәжірибе алдық. Олимпиадағы алғаш рет бардық. Олимпиада - көп эмоция сыйлайтын жарыс екен. Өте мықты болу керек. Тек физикалық тұрғыдан емес, психо-эмоционалды тұрғыдан да дайын болу керек екенін, ал, құраманың деңгейі чемпион болу әбден мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан біз кішкене демалып, жарақаттарымызды емдеп, 1-2 айдың ішінде келесі олимпиадаға жаттыға бастаймыз», - дейді жеке бапкер.

Айта кетейік, бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген Нұрбек Оралбай Астанаға оралды. Боксшыны әуежайдан қарсы алған жанкүйерлері онымен суретке түсіп, құрмет көрсетті. Оны қарсы алғандардың арасында Лондон Олимпиадасының чемпионы, «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы Серік Сәпиев те бар.