Отандасымыз марафонда сынға түсті
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Жанна Мамажанова Париждегі Олимпиада ойындарында сынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз марафонда ел атынан өнер көрсетті. Мамажанова қашықтықты 02:30:51 уақытта өтіп, 33-орын алды.
Олимпиаданы Сифан Хасан жеңіп алды (Нидерланд) рекорд орнатып жеңіп алды. Ол 02:22:55 уақытта жүгіріп өтті.
Екінші орынға эфиопиялық Тигц Ассефа (02: 22: 58) орналасса, Кениядан келген Хелен Отри (02:23:10) үздік үштікті түйіндеді.